Коронавирус жұқтырған жамбылдық отбасымен бірге Қырғыз шекарасын асып келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында коронавирусқа қатысты соңғы тіркелген оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

26 наурызда Жамбыл облысында Қордай ауданының 1974 жылғы тұрғынынан коронавирус инфекциясы табылды. Ол бір күн бұрын отбасымен бірге Қырғызстаннан келген.

Белгіленген алгоритмге сәйкес үйлестірілген іс-қимыл нәтижесінде бес мүшесі бар аталмыш отбасы шекарадан өте салысымен оқшауланып, карантин стационарына жатқызылған.

Зертхана талдауы бір адамда вирус бар екенін көрсетті, отбасының басқа мүшелерінің талдауы теріс нәтиже көрсетті.
Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды, қалғандары карантин стационарында медициналық бақылауда қала береді. Олармен байланыста болған адамдар анықталды, қазір қажетті эпидемияға қарсы шаралар жасалып жатыр.


Соңғы жаңалықтар