+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Коронавирус жұқтырған шымкенттік мінген автобустың нөмірі жарияланды

2020 жылғы 25 наурыз 20:47
Бөлісіңіз:
Коронавирус жұқтырған шымкенттік мінген автобустың нөмірі жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған шымкенттік жігітпен бір автобуста болған жолаушылар іздестіріліп жатыр. Рейстің қалаға қашан, қалай келгені айтылып, көліктің нөмірі жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
22:05-тегі ахуал: Қазақстанда коронавирус анықталған 584 адам тіркелген Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам коронавирус індетінен емделіп шықты Оңтүстік Суданда коронавирусты жұқтырған алғашқы адам тіркелді

«Нұр-Сұлтан қаласынан Жетісайға (Түркістан облысы) мемлекеттік нөмірі «646 FNB 13» автобуспен сапар шеккен жолаушылар коронавирус инфекциясына сараптама тапсыру және одан ары карантинге орналасу үшін тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша 103 қызметіне жүгінуі қажет«, - делінген шұғыл таратылған ақпаратта.

Сайт мәліметінше, автобус Нұр-Сұлтан қаласынан 19 наурыз күні сағат 17-30-да жолға шыққан. Шымкент қаласына 21 наурыз күні сағат 23-30-да келіп, «Бекжан базары« аялдамасына тоқтаған. Ал Жетісай қаласына 22 наурыз күні таңертең жеткен.

Қазіргі сәтте автобуста болған 51 жолаушының 41-і табылып, барлығы стационарлық карантинге жатқызылды.

Вирус жұқтырған шымкенттікпен автобуста бірге келген 16 жолаушы іздестіріліп жатқанын бұған дейін хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT