Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев өзінің денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкірлік. Менің тілеуімді тілеп отырған ата-анама, отбасыма, бауырларыма, өнердегі аға- әпкелеріме, достарыма мың алғыс. Ес білгелі бері елім алақанына салып әлдилеп келеді. Қадірлі ағайын, сіздердің тілектеріңізге басымды иіп рахметімді айтамын. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз»,- деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтарды сақтануға және денсаулықтарын күтуге шақырды.

«Айналайын ағайын, індеттің бары рас. Сақтаныңыздар. Күтініңіздер. Бірінші байлық денсаулық екенін есте ұстайықшы. Қорыта келе, мен үшін алаңдаған баршаңызға рахмет. Мен сіздерді жақсы көремін. Ауырмаңыздар»,- деді ол.

Бұған дейін Мейрамбек Бесбаевтың коронавируспен ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар