Коронавирус жұқтырған бір науқасты емдеуге 1 млн теңге жұмсалады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостианай облысында коронавирусты жұқтырушылар санының артуына байланысты дәрігерлер мен эпидемиологтар аймақ халқына үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«КВИ жұқтыру көрсеткішінің артуы жалғасып отыр. Кеше 231 жағдай тіркелді. Күн сайын өсу үрдісі байқалады. Осы тәулікте өсім - 1,1%. Негізінен адамдардың өздері КВИ-дің алғашқы белгілері пайда болған кезде медициналық мекемелерге жүгінеді. Кеше ауру жұтырғандандың 83% – дәрігерге өзі келіп жүгінгендер», - деп атап өтті Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Юрий Севостьянов.

Сондай-ақ, Ю.Севостьяновтың айтуынша, эпидемияға қарсы шараларды жүргізу барысында науқастармен байланыста болған 288 адам анықталды.

Жалпы ауруды тіркеу басталғаннан бері 20 мыңнан астам науқас тіркелді.

«Қазіргі қалыптасып отырған жағдайға адамдар түсіністікпен қарауы үшін халыққа жүгінгім келеді. Аурудың өсімі байқалады. Сондықтан белгілі бір шаралар өткізіледі және халық эпидемияға қарсы шараларға түсіністікпен қарауы тиіс», - деп атап өтті ол.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанованың айтуынша, жақында қалалық ауруханада ашылған инфекциялық стационар толып кеткен.

«Қалалық ауруханада 280 орын бар, онда қазірдің өзінде 200-ге жуық адам емделуде. Құрметті облыс тұрғындары! Мемлекетке бір науқасты емдеп шығу 1 миллион теңгеге түседі. Халық жағдайдың шынымен ауыр екенін ойланса деймін. Сондықтан халықтан коронавирус инфекциясына қарсы профилактикалық вакцинацияға белсенді түрде қатысуды сұраймын», - деді ол.

Бұған дейін Қостанай облысында 239 мыңнан астам адам вакцина алғаны хабарланған болатын. Бұл - аймақ халқының 47%.


Соңғы жаңалықтар