Коронавирус жұқтырған Әзербайжанның үш азаматы жазылып, ауруханадан шықты

None
None
БАКУ. Trend-ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған Әзербайжанның үш азаматы арнайы режімдегі клиникадан ем алып, жазылып шықты, деп хабарлайды Trend Министрлер кабинетінің жанындағы жедел штабқа сілтеме жасап.

14 наурыздағы ақпаратқа сәйкес Әзербайжанда коронавирус жұқтырған 19 адам тіркелген. Олардың алтауының қазір жазылып шыққаны хабарланып отыр.

Қазіргі уақытта ерекше режімдегі клиникаларда басқа адамдар емделіп жатыр. Олардың жағдайы айрықша бақылауға алынған.


Соңғы жаңалықтар