Коронавирус жұқтырған адам Шымкентке Нұр-Сұлтан қаласынан келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус жұқтырған адам Шымкентке Нұр-Сұлтан қаласынан келгені белгілі болды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әбдіманап Төлебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шымкент қаласында 1 коронавирус жағдайы тіркеліп отыр. Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, ем-дом қабылдап жатыр. Ол азамат 20 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Онымен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы іздестіріліп, табылды. Ол адамдармен толыққанды індетке қарсы шаралар жүргізіліп жатыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар