Коронавирус жұқтырған 900-ден аса бала емделіп жатыр – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Қазіргі уақытта коронавирустан 13 164 адам емделіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың арасында 905 бала бар.

«Стационарларда 3 516 науқас жатыр. 9 648 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 222 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар