20:52, 28 Мамыр 2020 | GMT +6
Коронавирус жұқтырған 8 науқас тұрақты палатаға ауыстырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған 8 науқас жансақтау бөлімінен тұрақты палатаға ауыстырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Олар:
Нұр-Сұлтан қаласында - 3,
Шымкент қаласында - 1,
Павлордар облысында - 1,
Қызылорда облысында - 1,
Қарағанды облысында - 1,
Жамбыл облысында - 1 адам.
Дәрігерлер пациенттердің жағдайының жақсарғанын атап өтті және олар енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды.