Коронавирус жұқтырған 523 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан науқастардың хал-жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 сәуірдегі мәлімет бойынша, қазіргі уақытта короновирустан 31 360 адам (30 640 КВИ+ және 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 505 пациент стационарда, 19 855 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 523 адамның жағдайы ауыр;

- 162 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 95 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Соңғы жаңалықтар