09:05, 15 Қазан 2021 | GMT +6
Коронавирус жұқтырған 185 пациенттің жағдайы өте ауыр - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 52 928 адам коронавирус инфекциясынан (–46 151 + және 6 777 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
15 қазандағы мәлімет бойынша, 52 928 адам коронавирус инфекциясынан (–46 151 + және 6 777 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 114 пациент стационарда, 43 814 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 642 адамның жағдайы ауыр,
• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 125 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.