Коронавирус жұқтырған 115 адамның жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 088 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 248 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

Стационарларда 2 333 науқас жатыр. 755 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 115 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар