Коронавирус жаһандануға қалай әсер етеді – ВВС

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаһандану – соңғы 25 жылдағы ең сәнді сөздердің бірі болды. Жаһандану - халықаралық бизнестің масштабы мен жылдамдығы. Бұл соңғы он жылда жоғары деңгейге көтерілді. Жеңіл саяхат, бүкіләлемдік желі, сауда келісімдері, жаңа, жылдам дамып жатқан экономика әлемнің келесі түкпірінде болып жатқан жағдайларға тәуелді жүйеге алып келді, деп жазады ВВС.

Автордың айтуынша, дәл осы себеппен коронаиврус экономикаға кері әсер етті.

Еуропа банкінің бас экономисті, профессор Беата Яворчиктің айтуынша, соңғы 17 жылда әлемдік экономикадағы өзгеріс жылдамдығы терең болған.

«2003 жылы Сарс эпидемиясына көз салсақ, Қытай әлемдік өндірістің 4 пайызына ие еді. Ал қазіргі таңда бұл 16 пайызды құрайды. Сол себепті Қытайда болып жатқан оқиға әлемге көп әсер етеді», - дейді ол.

Жаһандануды былай түсінуге болады: Ұлыбританиядағы ірі автозауыттар жабылды. Себебі бұл сауда мен құралдардың бүкіл әлеммен байланысты болуынан. Бұл екеуі де болмағандықтан, көлік жасау тоқтатылды.

«Оксфорд университетінің жаһандану және даму профессоры Ян Голдин жаһандану жүйелік қатерге алып келгенін айтады. Оның ойынша, қауіп-қатер де жаһандануға кері әсер етеді. Жаһанданудың көп бөлігі өндіріс тауарларының бүкіл әлемге таралуына байланысты емес, бұл адамдардың, идеялардың, ақпараттың алмасуын да қамтиды», - деп жазады автор.

Оның айтуынша, жаһандану тек өндіріс немесе логистика өнімдерінің арзан Азия елдеріне таралуында жатқаны туралы идея – тым қарапайым. Ал жаһанданудың баяулауы бұл салаларға кері әсер еткенімен, пандемия көптеген өзгерістерге алып келеді.

«Мысалы, Covid-19 3D-баспа, автоматтандыру, баптаулар қажеттілігін, тез жеткізу секілді процестерді жылдамдатты. Басты мәселе – бұл өзгеріс ұзаққа созыла ма? Жаһандану толығымен өзгере ме? Экономикалық дамуға көп нәрсе байланысты болғанымен, толық өзгеруі екіталай. Бірақ жаһандану процесінің баяулауы әбден мүмкін», - деп жазады автор.


Соңғы жаңалықтар