+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Коронавирус жағдайына мониторинг жасайтын сервис іске қосылды

2020 жылғы 24 наурыз 13:03
Бөлісіңіз:
Коронавирус жағдайына мониторинг жасайтын сервис іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирус бойынша жағдайды мониторингілеп отыратын сервисті іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі coronavirus2020.kz ресурсына сілтеме жасап.

Азаматтар www.egov.kz порталында орналастырылған интерактивті картадан вирус жұқтырғандар саны және олармен байланыста болған азаматтарды тіркеу, азамат үйде немесе стационарлық карантинде болуы мүмкін қауіпті аймақтар туралы ақпаратпен таныса алады. Сондай-ақ, коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайлары бойынша өзекті ақпарат жарияланады.

Бұл сервис коронавирус індетімен күресіп жатқан өзге елдердің (Қытай, Сингапур, Корея, Израиль) үлгісінде жасалды және халықтың жауапкершілігін арттыруға, гигиена шараларын күшейтуге, карантин режимін сақтауға бағытталған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның таралуына жол бермеу және алдын алу үшін азаматтарға қала ішінде жүріп-тұруды шектеуді және карантин кезінде үйде отыруды ұсынады.

Картада орналастырылған барлық деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен нақты уақыт режимінде алынады.

Жақын арада осындай сервистің eGovMobile мобильдік қосымшасында пайда болады. Сондай-ақ, eGov порталында интерактивті картамен бірге коронавирус бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар базасы орналасқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT