+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Коронавирус: Жабық кешендегі IX Азия чемпионаты Қытайда өтпейтін болды

2020 жылғы 28 қаңтар 08:25
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Жабық кешендегі IX Азия чемпионаты Қытайда өтпейтін болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайдың Ухан қаласында (Хубэй провинциясы) тараған коронавирус ауруына байланысты Ханчжоуда жоспарланған жабық кешендегі IX Азия чемпионаты өтпейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі кейінге қалдырыла ма Коронавирусты анықтау үшін 14 күндік карантин жеткілікті ме – министр жауабы Денсаулық министрі коронавирус бойынша қабылданған шаралар туралы айтты

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, құрлықтық біріншілік 12-13 ақпан күндері Қытайдың Ханчжоу қаласында өтуі тиіс болған. Алайда, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне жарыстың өтпейтіндігі туралы Азия жеңіл атлетика қауымдастығынан хат келген. Онда жарыстың болмайтыны туралы айтылған. Басқарма президенті Дахлан аль-Хамад құрлықтық қауымдастық атынан вирустың таралуына алаңдаулы екенін жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Уханда 3-14 ақпан аралығында өтетін 2020 жылғы Токио Олимпиадасына Азия/Тынық мұхиты елдерінің боксшыларын іріктеуді кейінге қалдыру шешімі қабылданған болатын.

Кейіннен бұл аталған іріктеу турнирді Халықаралық Олимпиада комитетінің жұмыс тобы 3-11 наурыз аралығында Иорданияның Амман қаласында өткізетін болып шешті.


Фото: olympic.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT