Коронавирус: ЮНЕСКО барлық елдерді қашықтықтан оқытуға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде кеше, 10 наурызда білім министрлерінің шұғыл кеңесі болып өтті. Олар орын алған жағдайды, қашықтықтан оқыту бағдарламаларын енгізу мәселелерін ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «БҰҰ жаңалықтарына» сілтеме жасап.

Бұдан бір айға жуық уақыт бұрын Қытай мектептерін жабуды мақұлдаған жалғыз ел болған. Содан кейін COVID-19 коронавирусының алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатымен мұндай шараны тағы 29 ел қолданды. Бүгінде вирус салдарынан бүкіл әлем бойынша әрбір бесінші оқушы – 369 млн бала мен жасөспірім мектепке бару мүмкіндігінен айырылып отыр.

Кездесу барысында түрлі елдердің өкілдері мектептер жабылған жағдайда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

Бүгінде көптеген елдер коронавирусқа байланысты қашықтықтан оқыту тәжірибесін сәтті түрде жүзеге асыруда.


Соңғы жаңалықтар