Коронавирус: Вакцина салдырғысы келетін елордалықтар қашан өтінім бере алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаны өз қалауымен қашан салдыра алатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 ақпаннан бастап медицина қызметкерлерін вакциналау басталды. 1 ақпаннан бүгінге дейін 2 008 медицина қызметкеріне вакцина егілді. Екінші кезеңде – педагогтер мен күш құрылымдарының қызметкерлері вакцина алады. Одан кейін сәуір айында – студенттер тұр. Ал өз қалауымен вакцина салдырғысы келетін қала тұрғындары мамыр айында екпе ала алады», - деді С. Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған онлайн-брифингте.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда ақпан айының басынан бері коронавирустың 2192 жағдайы тіркелген.

Елордада коронавируспен ауырғандардың негізгі үлесі – 30-39 жаста.

Қазіргі уақытта елордада 21 мектепте карантин жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар