Коронавирус үшін шекараны жабу тиімсіз – Le Figaro

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –«Коронавирус Қытай шекарасынан шыққаннан кейін, оны тоқтату үшін шекараларды жабу тиімсіз», деп жазады Le Figaro.

«Бір қарағанда, бұл қисынды шешім секілді. Коронавирус адамдармен бірге тарап жатқандықтан, шекараны жабу оның таралуын шектейтін сияқты. 14 ғасырда Хорватияда оба ауруы таралған кезде шекара 40 күнге жабылған еді. Ал соңғы зертетулер қазіргі таңда бұл шараның нәтижесі бомлайтынын көрсетті», - дейді мақала авторы.

Миграциялық саясат институтының сараптама орталығының директоры Мишель Миттельштадттың айтуынша, жаһандану дәуірінде шекараны жабу мен мемлекетке кіруге тыйым салудың тиімділігі төмен.

«Италия АҚШ, Ресей, Жапония мен Австралиямен бірге Қытаймен сауда қатынасын алғашқылардың бірі болып үзген еді. Дегенмен, коронавирустың Италияға жетуіне бұл кедергі бола алмады», - деп жазылған мақалада.

Автордың айтуынша, шекараны жабу тек коронавирустың таралуына ғана тиімсіз болмайды.

«Бұл шешім қоғамның әлеуметтік-экономикалық қызметіне кері әсер етеді. Сонымен қатар мұндай шешімнің пайдасынан гөрі зияны басым болады. Бұл медицина саласына қажетті дәрі-дәрмектердің жетуін тежейді, тіпті, халықтың қайдан келетінін өтірік айтуға мәжбүрлейді», - деп жазады автор.

Швейцари федералды технологиялық институтының зертетушісі Эмануэль Массароның айтуынша, мұндай жағдайларда халықаралық ұсыныстарға мән беру керек.



Соңғы жаңалықтар