+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Коронавирус: Уханнан жеткізілген қазақстандық студенттер арнайы корпуста тексеріледі

2020 жылғы 28 қаңтар 11:44
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Уханнан жеткізілген қазақстандық студенттер арнайы корпуста тексеріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Қытайдың Ухан қаласындағы қазақстандық студенттердің жай-күйі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да Тайландтан келген отбасы мүшелерінен коронавирус табылмады Қазақстанда коронавирустан қорғану туралы арнайы қаулы қабылданды Коронавирус: Даниал Ахметов Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарын сабырға шақырды

«Қазіргі уақытта Ухан қаласында 98 қазақстандық студент бар. Қазақстанның Қытайдағы елшілігі арқылы олармен тікелей байланыс орнатылған. Күнделікті олармен сөйлесіп отыр. Студенттерде қажетті дүниенің барлығы бар. Себебі, олар оқитын университеттер медициналық құралдар, бетперде сынды барлық заттармен қамтамасыз етіп отыр. Азық-түлігі, барлығы жеткілікті. Қазіргі уақытта Премьер-Министр тапсырмасымен бізде ведомстволық комиссия құрылды. Жақында отырыс өтті. Біз қазір студенттерді эвакуациялау мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл мәселе бойынша Қытай тарапына ресми нота жіберілді. Енді ұшақтың қай маршрутпен баратыны, қайда тоқтайтыны , қайдан алып кететіні пысықталу барысында», - деді Шахрат Нұрышев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Уханнан қазақстандық студенттер жеткізілген жағдайда қандай шаралар қолданылатынын айтты.

«Әрине, мұндай жағдайға арналған санитарлық нормалармен бекітілген ерекше тәртіп бар. Осында жағдайда ұшақты арнайы санитарлық тұраққа қондырып, сол жерде мамандар протокол бойынша барлық жолаушыны тексеріп, шешім қабылдайды. Ухан қаласынан келе жатқан біздің азаматтарға арнайы ерекше стационарлық корпус бөліп отырмыз. Бүкіл жолаушыларға екі аптаның ішінде карантин өткізуге мүмкіндігіміз бар», - деді Елжан Біртанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT