Коронавирус: Түркия арқылы Еуропаға баратын мигранттар тасқыны күрт азайды

None
None
ИЗМИР. Анадолы-ҚазАқпарат – Коронавирус пандемиясы кезеңінде теңіз жолы арқылы Еуропаға баратын мигранттар тасқыны едәуір азайды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Егер індет басталғанға дейін Еуропаға Ауғанстан, Пәкістан, Ирак, Иран және Сирия тәрізді елдерден мыңдаған мигранттар мен босқындар өтуге ұмтылса, соңғы айларда олардың саны айтарлықтай қысқарды.

Түркияның жағалау күзеті басқармасы, полиция және жандармерия Эгей теңізі ғана емес, Жерорта және Қара теңіз арқылы өтуге әрекеттенген мигранттар тасқынының жолын кесу үшін барлық шараларды жүзеге асыруда.

Анадолы агенттігінің Түркияның жағалау күзеті басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, наурыздан маусым айының алғашқы күндеріне дейін осы елдің маңындағы теңіздерден 2 907 мигрант ұсталған.

Ал сәуірде бұл көрсеткіш 253-ке кемісе, мамырда 582 адамды құрады.

Егер 2019 жылдың наурыз-мамырында Түркияның жағалау күзеті Еуропаға өтпек болған 7 173 мигрантты қолға түсірсе, биылғы жылдың сәйкес кезеңінде екі есе аз, яғни 3 742 мигрантты ұстаған.


Соңғы жаңалықтар