Коронавирус: Түркістан облысында 137 мыңнан аса адам вакцина салдырды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қатерлі індетке қарсы 137 мыңнан аса адам COVID-19 індетіне қарсы екпе салдырған. Соңғы тәулікте 6680 адам вакцина қабылдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, екпе қабылдағандардың ішінде 21 414 - медицина қызметкерлері.

Қалғаны - 38 508 педагог пен құқық қорғау органдарының 6139 қызметкері.

Бұдан бөлек өзге топтағы 47 238 тұрғын бар.

Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация) 28 315 адам егілген.

Айта кетейік, Түркістан облысының 934 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған.

Енді өңір тұрғындары Спутник-V, QazVac мен Hayat Vax вакциналарын қабылдай алады.

Жаңадан жеткізілген Hayat Vax вакцинасы - қытайлық технологиямен өндірілген араб вакцинасы.

Ал, эпид ахуалға қатысты соңғы тәулікте аймақта 34 адамнан COVID-19 індеті анықталған.

Тәуліктік өсім - 0,61%. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 679 899 ПТР-сынамалары алынған.

Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3766 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар болса, оның жартысынан астамы науқастарға толған.


Соңғы жаңалықтар