Коронавирус туралы әзілдеген полицей жұмыстан қуылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Сыныптасымен бірге қалжың видео түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан Ұзынкөл ауданының тәртіп сақшысы жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Ершов ауылы учаскелік полиция инспекторы сыныптасымен бірге 28 жыл бұрын жасырылған құты тауып алған.

«Видеодан бөшкенің спиртпен толтырылғанын байқауға болады. Олар спирттің жартысын өртеп, коронавирустың жоламайтынын айтып, қалжың видео түсірген. Кейін спиртті төгіп тастаған. Ал полицей түсірген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті», - деп атап өтті полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, учаскелік инспектор этикалық нормаларды бұзғаны үшін қызметінен босатылды.


Соңғы жаңалықтар