Коронавирус: Теңіз кенішіндегі стационарда 86 науқас емделіп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда коронавирус жұқтырған 86 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте Атырауда коронавирус инфекциясын 25 адамның жұқтырғаны анықталған.

«Қауіпті індетке шалдыққан науқастардың 8-і Атырау қаласында тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 16 жұмысшының, Индер ауданында бір адамның Сovid-19 инфекциясын жұқтырғаны расталды. Науқастардың бесеуінде коронавирус белгісі симптомды түрде өтіп жатыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте үй жағдайында ем алған 4 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Қазір 120 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда 34 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 7, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 86 адам ем қабылдап жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда екі салынған модульді инфекциялық аурухана ашылған болатын.



Соңғы жаңалықтар