Коронавирус: Теңіз кенішінде карантиндік шектеулер ұзартылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Теңіз кенішінде карантиндік шектеу шараларының мерзімі ұзартылды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын», - делінген құжатта.

Сондай-ақ, «Теңізшевройл» ЖШС-ға, Теңіздегі жедел штаб пен мердігерлік ұйымдардың, басқа да кәсіпорындар басшыларына COVID-19 ошақтарын оқшаулау бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу, коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырған науқастарды оқшаулау үшін Теңіз кен орнында қосымша карантиндік орындар ашу, шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде жүзеге асыру, вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды талапқа сай сәйкестендіру міндеттелген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында көпшілікке арналған іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар