10:10, 21 Маусым 2021 | GMT +6
Коронавирус: Шымкент қаласы «жасылдан» «сары» аймаққа өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі 21 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі таңда «қызыл» аймақта бір ғана өңір - Нұр-Сұлтан қаласы тұр.
«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. ⠀
Ал «жасыл» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.