+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Коронавирус: ШҚО-да науқастарға 350 дозадан астам иммундық плазма құйылды

2020 жылғы 24 қараша 03:10
Бөлісіңіз:
Коронавирус: ШҚО-да науқастарға 350 дозадан астам иммундық плазма құйылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясына шалдыққан 180-нен астам пациент қан плазмасымен емделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бельгияда коронавирустың «британдық» штаммы тарап жатыр 24 875 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, 294 науқастың жағдайы ауыр Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

Өңірде коронавирустан жазылып шыққан адамдардың иммундық плазмасын науқастарға құю әдісі жиі қолданылуда. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда әртүрлі қан топтарындағы плазманың 3 123 дозасы дайындалған.

«Инфекциялық стационарлардың дәрігерлері үшін иммундық плазманы пайдалану бойынша семинарлар өткізілді. Осы уақытқа дейін 181 пациентке 352 доза плазма құйылған», - делінген хабарламада.

Иммундық плазманы дұрыс сақтау үшін Өскемен және Семей қалаларында екі қан орталығы үшін 20 мұздатқыш камера сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ аудандық ауруханаларға қосымша 15 арнайы мұздатқыш және 19 плазмалық мұздатқыш сатып алынбақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT