Коронавирус: ШҚО-да науқастарға 300 дозадан астам иммундық плазма құйылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қауіпті дертке шалдыққан науқастарға 300 дозадан астам иммундық плазма құйылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн форматта өткен баспасөз конференциясында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаш COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациенттерді емдеу үшін коронавирустан жазылып шыққандардың қан плазмасын құю әдісінің қолданыла бастағанын айтты.

«Бүгінгі таңда әртүрлі қан топтарындағы плазманың 3 мыңнан астам дозасы дайындалды. Қазіргі уақытта 150 пациентке 344 доза плазма құйылған», - деді ол.

Асқар Хорошаштың айтуынша, иммундық плазманың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін Өскемен және Семей қалаларының екі қан орталығына 20 мұздатқыш камера сатып алу жоспарланған. Бұдан бөлек, аудандық ауруханаларға қосымша 15 арнайы мұздатқыш пен 19 плазмалық мұздатқыш сатып алынбақ.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 400-ден астам мобильді жедел жәрдем бригадасы құрылғаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар