Коронавирус: Шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Үкіметі әлемдік пандемияға байланысты елден шығып үлгермеген шетелдік азаматтарға елде тұру мерзімін ұзартты.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Үкіметі әлемдік пандемияға байланысты елден шығып үлгермеген шетелдік азаматтарға рұқсат мерзімін 1 қарашаға дейін созу туралы шешім қабылдады. 2020 жылдың 16 наурызы мен 1 қарашасы аралығында мерзімі өтіп кеткен құжаттар ғана қабылданады. Сонымен бірге, елімізге визасыз келіп, қайта еліне оралып үлгермеген шетелдіктер үшін 1 қарашаға дейін тұруға рұқсат беріледі. Ең маңыздысы – 1 қарашаға дейін елде қалу мерзімін бұзып, кете алмай қалғаны үшін шетелдіктерді және оларды қарсы алған азаматтар да әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, - деді Нұрділдә Ораз.


Соңғы жаңалықтар