Коронавирус: ПТР-анықтамасы болмаған 3 ресейлік шекарадан кері қайтарылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыс аумағында орналасқан автомобиль өткізетін 4 шекаралық бекетте адамдардың кіріп-шығуына бақылау жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен тәулікте Павлодар облысы аумағындағы мемлекеттік шекара бекеттерінен 321 азамат өтті. Оның ішінде 137 жаяу жолаушы, 184 жүк көлігінің жүргізушілері болды. ПТР-анықтамасыз келген 8 қазақстандық карантиндік стационарға жатқызылды.

Шекара бекетіне ПТР-анықтамасыз келген Ресей Федерециясының 3 азаматына ел аумағына өтуіне тыйым салынды», - делінген Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар