Коронавирус: Профилактикалық мақсатта КТ мен рентгенге түсуге бола ма

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасына қарасты емхананың инфекционист-дәрігері Әбдіжәмиева Бақыткүл Жұмахметқызы ҚазАқпарат тілшісіне халық коронавирус инфекциясы туралы нені білу керектігін айтып берді.

– Қазір аурудың беті қайтты, алдағы қателіктерді қайталамас үшін не істеу керек?

– Халық өзін-өзі сақтап, бекітілген санитарлық талаптарды орындау керек деп ойлаймын. Мәселен, бетперде тағу, ара қашықтықты сақтау және адамдардың қоғамдық орындарда көп жиналмауы да маңызды. Себебі ауру өршиген кезде, кеселді індетті сау адамдар жұқтыруы мүмкін.

– Ауру өршіген кезде салмақтың бәрі дәргерлерге түскені анық, қандай қиыншылықтар болды?

– Дәрігерлерге науқасқа көмек көрсету алғашқы айларда өте қиын болды. Себебі, дәрігерлер бұл аурумен алғаш рет бетпе-бет келіп, аурудың басталуы, өршуі, сауығуы деген сияқты кезеңдерде науқастарға нақты дәрігерлік көмек көрсетуі керек болды. Науқастарды осы аурудың барына сендіру, жаппай карантин кезінде өзін-өзі оқшаулаудың қажеттігін түсіндіру, дәрігерлердің үй-жайын уақытша ұмытып, өздерін тек жұмысқа арнау –оңай емес. Бастапқыда дәрігерлерге қиын болса да, ақ халатты жандар қиындықтарды еңсере білді. Олардың қайсарлығы мен мамандықтарына деген адалдығы осы кезеңде көрініп жатты.

– Бұл дерті екінші рет жұқтыру мүмкін бе? Коронавирус инфекциясымен ауырған адамдарда иммунитет пайда бола ма?

– Бұл жаңа шыққан дерт болғандықтан, онын қайта жұғу қаупі әлі толық зерттеліп біткен жок, әлемнің ғылым зерттеушілері онымен жұмыс жасауда. Елімізде аурудан сауыққан науқастардың қан талдауларында Ig G анықталып жатыр. Негізінде, барлық өтіп кеткен аурулардан соң адам ағзасында вирус және бактерияларга қарсы иммунитет қалыптасады. Яғни, антиденелер IgG пайда болады. Бірақ антиденелердің болуы науқастардың қайта ауыруына қауіп жоқ деген сөз емес. Ғалымдардың толық зерттеулерінен соң бұл сураққа толық жауап беруге болады. Дегенмен, сақтық шараларымен толық келісіп, оларды міндетті түрде орындау қажет.

– Ауруханаға жатқызарда коронавирус инфекциясы ауыр өтіп жатқан адамға басымдық беріледі. Ауру белгісі жоқ адамдардың көбі үйінде медициналық қызметкерлердің бақылауында болады. Яғни, үйдегі адам коронавирус инфекциясы ауруының тоқтағанын қалай біледі? Дәм, иіс сезу рецепторының қайтып келуі сияқты негізгі белгісі бар ма?

– КВИ мен негізгі ауру белгісі жоқ немесе жеңіл түрде ауырған науқастар дәрігер бақылауында болып, асқынуы болмаған жағдайда үйде емделсе болады. Үй жағдайында ем алатын науқастар үшін мобилдік топтар емханаларда жұмыс істеп жатыр. Мәселен, біздің емхананың мобильдік топтардың қызметкерлері науқастардың үйлеріне барып, қажет медициналық көмек берді.

Ауруды жұқтырған күннен бастап алсақ, дәм және иіс сезбей қалу кезеңдерінде вирус адам ағзасында өте көп мөлшерде болады. Ал ол кезеңдер басылса, вирус ағзада азаяды. Сондықтан, осы кезеңдерге қарап, науқастың жағдайының жақсарғанын көруге болады.

– Тек профилактикалық мақсатта КТ мен рентгенге түсуге бола ма?

– Әрине, жок! Себебі КТ және Рентген тексеріс барысында адам ағзасы ультра күлгін сәулесімен сәулеленеді. Сол кезде ағзаға кері әсер тию қаупі бар. Ол ағзадан шығып тазару үшін ұзақ уақыт қажет. Ағзада ультра күлгін сәулесі көп мөлшерде жиналса, қатерлі ісік ауруына шалдықтыруы мүмкін.

–ЖРВИ алдын-алу үшін қандай кеңес берер едіңіз. Өзімізге дәрумендер кешенін тағайындау қаншалықты дұрыс, оның жанама әсерлері қалай болмақ?

– ЖРВИ-дың алдын алу үшін, салауатты өмір салтын ұстау қажет. Денені шынықтырып, таза ауада серуендеп, дұрыс тамақтану мен дұрыс уақытында дем алуды қалыптастыру керек. Зиянды әдеттерден арылу керек. Ағзаны қажетті дәрумендермен байытып отырукерек. Өз бетінше дәрумендерді қабылдаудың жанама әсерлері бар, сондықтан дәрумен қабылдар алдында дәрігер кеңесіне жүгіну қажет.

– КВИ кезінде кандай препараттарды дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға болады және қандай дәрілерді пайдаланбаған жөн?

– Науқастың өз бетінше дәрі қабылдауына болмайды. Себебі, кейбір дәрілер қауіпті аллергиялық реакциялар беруі мүмкін.

– Коронавирус тұзды суда өледі деген қаншылықты шындыққа сәйкес келеді?

– Мұндай шындыққа жанаспайтын тұжырымға сенудің қажеті жоқ. Медициналык препараттардың ішінде құрамында тұзы бар дарілік заттар бар, бірақ олар жалғыз тұздан құралмайды. Ағзаға қажетті иондармен байытылған, солардың ғана көмегі тиюі мүмкін. Және барлық науқастар не қабылдаса да дәрігер назарында болуы тиіс.

– Сұхбатыңызға рахмет!


Соңғы жаңалықтар