Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 31 адам көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус және коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 31 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

14.10.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 127 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Және 28 адам коронавирустан көз жұмды.

Оған қоса пневмониядан 200 адам емделіп шықты.

13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 77789, 4949 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 66139 жетті.

Еске салсақ, кешегі мәлімет бойынша коронавирус және коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 35 адам көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар