Коронавирус: Павлодар облысы «жасыл» аймаққа өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 маусымдағы жағдайға сәйкес:

- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

- «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

- «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Еске салайық, кеше Павлодар облысы «сары» аймақта орналасқан болатын.
Соңғы жаңалықтар