+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Коронавирус пандемиясы әлемдік тәртіпті өзгертеді - The Wall Street Journal

2020 жылғы 10 сәуір 00:10
Бөлісіңіз:
Коронавирус пандемиясы әлемдік тәртіпті өзгертеді - The Wall Street Journal

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 пандемиясы аяқталғаннан кейін көптеген мемлекеттердің институттары сәтсіздікке ұшырағанын мойындайды. Бұл түcінік қаншалықты объективті екені маңызды емес. Коронавируc пандемиясынан кейін бүкіл әлем енді бұрынғыдай болмайды, деп жазады АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер The Wall Street Journal газетінде жарияланған мақаласында.

«Коронавирус өте ауыр соққы болды. АҚШ-та әр бес күн сайын жағдай екі еселеніп жатыр. Коронавирустың емі жоқ. Медициналық қор аз, ал тиімді вакцина тек 12-18 айдан кейін пайда болуы мүмкін. АҚШ әкімшілігі вирустың таралуын тоқтата ала ма деген сұрақ туындайды. Дағдарыс жағдайы қандай масштабта болса да, коронавирустан кейінгі тәртіптің қандай болатынына қатар дайындықты кейінге қалдыруға болмайды», - дейді ол.

Киссинджердің айтуынша, коронавирус пандемиясының саяси және экономикалық салдары бірнеше ұрпаққа тарауы мүмкін.

Сонымен қатар, ешбір мемлекет вирусты ұлттық күшпен жеңіп шыға алмайды.

«Коронавирусқа қатысты шешім жаһандық сипатта болуы тиіс. Яғни, ортақ жаһандық бағдарлама немесе жоспар қажет. Қазір біз қиын кезеңде тұрмыз. Ал қазіргі көшбасшылардың тарихи міндеті – дағдарыстан құтылу, сонымен қатар болашаққа негіз қалау. Бұл екі жағдай қолдан келмесе, әлем қиындықтан шыға алмай қалады», - деп жазады Киссинджер.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: АҚШ, Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT