+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Коронавирус өршіген Қытайдың Ухан қаласында 98 студент қалды – ҚР СІМ

2020 жылғы 24 қаңтар 16:57
Бөлісіңіз:
Коронавирус өршіген Қытайдың Ухан қаласында 98 студент қалды – ҚР СІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ухан қаласында 230 қазақстандық студент оқитынын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық министрі коронавирус бойынша қабылданған шаралар туралы айтты Италия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытай мен Оңтүстік Кореядан кейінгі үшінші орында Денсаулық сақтау министрі: Коронавирус өршіген елдерден жолаушы тасымалдауды азайту керек

«Карантиннің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы біздің азаматтар үшін Бейжіңдегі Қазақстан елшілігі тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желі ашты. Телефондарды елшіліктің веб-сайтынан немесе СІМ сайтынан қарауға болады. Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің және ҚР СІМ сайттарында жедел ақпаратты қадағалауға және жергілікті билік органдарының ұсыныстарын нақты ұстануға кеңес береміз», - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Ухан қаласында 230 қазақстандық студент тіркелген.

«Бүгінгі таңда қалада 98 студент қалып отыр. Ал қалғандары демалыстың басталуына байланысты Қазақстанға және басқа да елдерге кетіп қалған. Біздің дипломаттар Ухандағы барлық студентпен байланыс орнатқан. Олар танымал мессенджерлер арқылы Ухан мен Қытайдың басқа қалаларында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайлар кезінде қабылдау қажет сақтық шаралары мен тәртіп ережелері туралы хабардар етілген. Біздің студенттер оқитын ЖОО басшыларымен тікелей жұмыс байланыстары орнатылған. Сондай-ақ, Қазақстан елшілігі Хувей провинциясының Сыртқы істер басқармасымен байланысып, өзекті ақпарат алмасу және азаматтарымызды іздестіруге барынша көмек көрсету жөнінде келісімге қол жеткізді», - деді ол.

Айбек Смадияров атап өткендей, елшілікте бар ақпарат бойынша, Қытай аумағында анықталған коронавирустың жаңа түрінен туындаған ауруды жұқтырған пациенттердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Айта кетсек, Айбек Смадияров бұған дейін Қытайдағы коронавирусты 830 адам жұқтырып, 25 адам көз жұмғанын хабарлаған болатын.


Фото: delo.ua
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT