Коронавирус өршіген елдерде қанша қазақстандық жүр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус өршіген елдерде қанша қазақстандық жүргенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі коронавирус ауруы өршіген мемлекеттерде қанша қазақстандықтың жүргенін хабарлады. Қолдағы мәліметке сәйкес, Оңтүстік Кореяда - 34 мың, Жапонияда - 180, Иранда - 170-ке жуық қазақстандық бар», - деді бас санитар дәрігер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Ж. Бекшин коронавирус бойынша аса қауіпті мемлекеттерден келген қазақстандықтардың үй карантиніне оқшауланатынын хабарлаған еді. Бұл тізімге Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, Иран, Гонконг, Макао, Тайвань енген.

Сонымен бірге, коронавирус инфекциясына байланысты Қазақстан Оңтүстік Корея мен Иранға әуе рейстерін шектейді .


Соңғы жаңалықтар