Коронавирус өкпе мен жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер етеді- реабилитолог

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Коронавируспен ауырған науқастар эмоционалды қиындықтарға ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық №4 қалалық емханасының реабилитологы Айгүл Солтанбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айгүл Солтанбектің айтуынша, аурудың алдын алу өте маңызды және бұл үшін маска режимін сақтау қажет. Азаматтар халық көп жиналатын жерлерде маска киіп, оларды дұрыс киюді әдетке айналдыруы қажет.

Сонымен қатар, ол ауруға шалдыққандардың барлығы оңалтудан өтулері тиіс екенін тілге тиек етті. Тіпті, дерт жеңіл өтсе де.

«Жалпы алғанда, әр науқас сауығып кетуі мүмкін, бұл үкім емес. Біз коронавирустың өкпе мен жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ететінін жиі байқаймыз. Сондықтан оңалту емделу кезеңінде басталады және шығарылғаннан кейін жалғасады – емханада немесе үйде. Оңалтудың қарсы көрсетілімдері бар, сондықтан әр науқас үшін нақты шараларды емдеуші дәрігер анықтайды. Сіз ауыр аурудан кейін де сауығып кете аласыз», - деді дәрігер.

Айгүл Солтанбек науқастадың өкпесі 10% ғана зақымдалғанымен, дерттің ауыр болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Дәрігерлер өкпенің зақымдану дәрежесіне емес, ағзаның резервіне назар аударады. Біз өкпенің ғана емес, басқа мүшелер мен жүйелердің зақымдалуын да емдейміз», - деп толықтырды реабилитолог.

Коронавирус инфекциясынан кейін науқастарда пневмосклероз мен өкпе фиброзы қаупі жоғары болады.

«Біздің емхана емделудің үшінші кезеңімен айналысады, бұл өкпенің қалпына келу кезеңі. Сау күйде олар серпінді және дем алатын болуы керек, ал фиброз кезінде тыртықтар пайда болады, сондықтан реабилитолог дәрігерлер жеке ем тағайындайды», - деді ол.

Өкпенің жұмысын жақсарту және қандағы оттегінің қанықтылығын көтеру үшін емханада тыныс алу кешендері мен денешынықтырудың арнайы бағдарламалары жасалды.

Реабилитолог дәрігер Алматы тұрғындарын вакциналауға шақырды.

«Вакциналанған адамның ауруы әлдеқайда жеңіл. Мұндай науқастардың иммундық жүйесі жұмылуға қабілетті және тезірек сауығуға ықпал етеді. Вакциналар иммунитетті төмендетпейтінін, керісінше оны көтеретінін білген жөн. В тобындағы витаминдер мен аминқышқылдар да денені қалпына келтіруге көмектеседі», - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар