Коронавирус: Нұр-Сұлтанда ақпан айының басынан бері 2192 жағдай тіркелген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы эпидемологиялық жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Нұр-Сұлтан қаласында барлық жастағы және контингенттер арасында коронавирус инфекциясы жағдайларының тіркелуі жалғасуда. Қаңтар айында 3763 жағдай тіркелсе, ақпанның басынан бастап – 2192 жағдай анықталған. ПЦР тестінің теріс нәтижесі бар коронавирус инфекциясы жағдайларының барлығы 80 жағдай, оның ішінде қаңтар айында – 55, ақпан айында – 25 жағдай», - деді спикер Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, бір тәулікте инфекцияның 72 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 49 симптоматикалық жағдай, 23-і – симптомсыз және 84 ошақ анықталды. Оның ішінде 66 – үй жағдайында, 18-і – ұйымдастырылған топтарда.

«Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда, аурушаңдық 7,17 пайызға төмендегені байқалады. Қарқынды көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 55,58 және репродуктивті саны 0,97-ні құрады», - дейді С. Бейсенова.


Соңғы жаңалықтар