Коронавирус: Нұр-Сұлтан қаласы әлі «қызыл» аймақта тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда «қызыл» аймақта бір ғана өңір - Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

Ал «сары» аймақта Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.



Соңғы жаңалықтар