Коронавирус: Науқас Жамбыл облысына елордадан барған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырған науқас Нұр-Сұлтан қаласынан келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

6 сәуір күні Жамбыл облысында инфекцияны жұқтырудың тағы бір жағдайы анықталғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

«Індетке шалдыққан науқас 1992 жылғы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Жеке көлігімен Тараз қаласында тұратын ата-анасына келген.

5 сәуір күні ЖРВИ белгілерімен провизорлық стационарға жатқызылған. Коронавирусқа тапсырған лабораториялық талдау оң нәтиже көрсетті.

Науқаспен байланыста болған адамдардың барлығы анықталып, карантиндік стационарға жатқызылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, шағым жоқ.

Мекенжай ошағы мен барған жерлеріне дезинфекция жұмыстары жүргізілді», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Жамбыл облысында вирусты жұқтырғандар саны 29 адамға жетті.


Соңғы жаңалықтар