Коронавирус нәрестеге ана сүті арқылы жұқпайды- гинеколог

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Перинаталдық орталығының гинекологы Әсел Омарқұлова онлайн брифинг барысында жүкті әйелдерде COVID-19 қалай анықталатынын және нәрестеге вирусты жұқтырмау үшін не істеу керекітігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық жүкті әйелдер иммундық тапшылық жағдайында болады әрі тәуекел тобына жатады. Біз олардан белгілі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз: маска тағу, қолды жуу және адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу. Ал егер ауырып қалса, өзін-өзі емдеумен айналыспауы керек, себебі ковидті емдейтін көптеген препаратта жүкті әйелдерге қарсы көрсетілімі бар», - дейді Әсел Омарқұлова.

Гинекологтың айтуынша, вирус жұқтырған жүкті әйелдер барлық жағдайда ауруханаға жатқызыла бермейді. COVID-19 симптомсыз және жеңіл ағымы бар болашақ аналар амбулаторлық емдеуде қалады.

Әдетте, дәрігерлер оларға көп мөлшерде сұйықтықты ішу бойынша ұсыныстар береді, әйелдер өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізеді, температураны, тамыр соғу жиілігін және тыныс алуды бақылайды. БСМК медициналық қызметкерімен қашықтан байланысты күнделікті орнатады.

Перинаталдық орталықта коронавируспен босанған әйелдер жіті бақылауда болады.

«Орталықта 20 төсек-орынды инфекциялық бөлімше жұмыс жасайды. Басқа ковидтік стационардағыдай, «жасыл аймақ», «қызыл аймақ», шлюз, санитария», «жасыл аймақ» бар. Жұқтырған науқастарды босандырғанда медбикелер қорғаныс құралдарын, костюмдерді, көзілдірік пен қолғапты пайдаланады»,- дейді дәрігер.

«Нәресте дүниеге келе салысымен 1 минутқа кешікпей, оның кіндігін қысу ұсынылады, себебі бұл ана мен баланың денсаулығына пайдалы және жаңа туған нәрестенің тамақтану жағдайын жақсартады. Сонымен қатар, жаңа туған нәрестеге COVID-19-дың қан арқылы берілу қаупі аз. Коронавирус балаға ана сүті арқылы берілмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолданыстағы ұсынымдарына сәйкес, егер сақтық шаралары сақталса, COVID-19 жұқтырған әйелдер сәбиін емізе алады»,-деді Әсел Омарқұлова.

Алматы қаласының перинаталдық орталығының гинекологы бүгінде инфекцияның ұрыққа антенатальды жолмен берілетіні туралы сенімді деректер жоқ екенін атап өтті.

«Вертикалды жол – қан арқылы, ұрықжолдас расталмайды. Инфекция науқас анадан босану кезінде, баламен қарым-қатынас кезінде мүмкін болады, егер ол қауіпсіздік шараларын сақтамаса – маска режимі, қолды жуу және дезинфекциялау», - деді спикер.

Сондай-ақ ол бала көтеретін әйелдерге қоғамдық орындарға, дүкендер мен гипермаркеттерге бармауға шақырды. Оған қоса жүкті әйелді COVID-19 коронавирус инфекциясынан қорғау үшін оның отбасы мен жақындары вакцина алуы тиіс. Сонда ғана ана мен болашақ сәбидің өмірі қауіпсіз болады.


Соңғы жаңалықтар