Коронавирус: Нью-Йоркте мектептер мен мейрамханалар жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нью-Йоркте коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында мектептер мен мейрамханалар жабылды, деп хабарлайды ВВС.

«Қаланы қауіптен қорғау үшін жылдам әрекет етуіміз керек», - деді қала билігі.

Басылымның хабарлауынша, АҚШ Еуропа елдеріне баруға салған тыйымды кеңейтіп, бұл мемлекеттердің қатарында Ұлыбритания мен Ирландия Республикасын қоспақ.

«АҚШ-та коронавирустан 69 адам қаза тапты. Жалпы инфекция жұқтырғандар саны 3774 адамға жетті», - деп жазады автор.

Оның айтуынша, 8 миллионнан астам тұрғыны бар Нью-Йорк қаласында аталған індеттен 5 адам қаза тапқан.

«Нью-Йоркте мектептер дүйсенбіден бастап жабылды. Ондаған миллион адам үйде болады. Бұл тұрғындардың алаңдаушылығын арттырды, себебі баласы барларға жұмыс орнынан ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған», - деп жазады автор.



Соңғы жаңалықтар