Коронавирус: Нью-Йоркте ауруханаға түскен адамдар саны өсті

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Нью-Йорк қаласының губернаторы Эндрю Куомо коронавирустың таралуын ұстап тұруға бағытталған шектеулердің жаңа пакетін енгізді, себебі штатта ауру жұқтыру және ауруханаға түсетін адамдар саны күрт көбейген, деп хабарлайды ҚазАқпарат France 24-қа сілтеме жасап.

Куомо байланыс тізбегін бақылау арқылы штатта вирустың таралуына адамдардың түнгі уақытта бар, мейрамхана және спортзалдарда жиналуы негізгі себеп болғанын анықтады. Ол шығарған бұйрық бойыншағ жабық ғимараттарда жұмыс істеп жүрген барлық барлар, мейрамханалар және тренажер залдары сағат 22:00-де жабылуы тиіс, ал іс-шараларға жиналатындардың саны 10 адамнан аспауы керек.

Мәлімдемеде атап өтілгендей, жұма күні күшіне енетін жаңа шаралар Калифорния мен батыстағы бірнеше штаттың коронавирустың тез таралуын ұстап қалу үшін шектеулерді қатаңдатқанына байланысты болды.

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазионың атап өтуінше, жеті күнде қала бойынша коронавирус тестілерінің оң қорытындыны анықтаған көрсеткіші 2,52 пайызды құрады. Егер бұл сан 3 пайызға жетсе, ел бойынша ең ірі мемлекеттік мектеп жүйесі сырттай оқу үлгісіне ауысады.

Осы арада, Құрама Штаттарда коронавирус жұқтыру оқиғалары санының көбеюі, ауруханаға жатқызу және өлім санының өсіміне байланысты екінші толқынның көктемгі өршуден кейін пандемияны бақылауға ала алған солтүстік-шығыс аудандарды қамти алатынының белгілері көбейген.

Reuters талдауына сәйкес, сейсенбі күні Құрама Штаттарда 1450 өлім оқиғасы тіркелді, бұл тамыз айынан бастап ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

АҚШ-та ауру жұқтыру оқиғаларының саны жеті күн қатарынан көбейіп, сейсенбі соңында 136 мың адамға жеткен, ал ауруханаға жатқан адамдардың саны пандемия басталғалы алғаш рет 60 мың адамнан асты.


Соңғы жаңалықтар