+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Коронавирус моральдық нормаларды өзгертіп жатыр - Gazeta Wyborcza

2020 жылғы 30 наурыз 03:19
Бөлісіңіз:
Коронавирус моральдық нормаларды өзгертіп жатыр - Gazeta Wyborcza

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қолды жиі жуу? Жер шарының екі миллиард тұрғыны суға қол жеткізе алмай отыр. Әлеуметтік қашықтық? Босқындар лагерлерінде 70 млн адам бар. Маска? Маска бай мемлекеттердің өзінде жетіспей жатыр. Босқындар медициналық көмекке қол жеткізе алмай отыр. Ал Еуропа тек қана өз қамын ойлауда. Коронавирус моральдық нормаларды өзгертіп жатыр», деп жазады Польшаның танымал басылымы Gazeta Wyborcza.

Мақала авторының айтуынша, коронавирус пайда болғалы босқындар тақырыбы мүлдем айтылмай, миграциялық кризис БАҚ беттерінен жоғалып кеткен.

«Дағдарыс үнемі осылай болады. Ол жоғалмайды, оны қауіптірек және жылдам әрекет етуді талап ететін басқалары алмастырады. Қазір вирустың кең таралуынан шекаралар жабылды. Әсіресе, босқындардың қозғалысы тыйылды. Дегенмен, олар медициналық көмекке қол жеткізе алмайды. Сондықтан да олар Еуропаға өткісі келеді. Өздері аман қалмаса да, балаларын сақтап қалғысы келеді. Ал Еуропа вирустан сақтану үшін босқындарды да кіргізбейтіні түсінікті», - делінген басылымда.

БҰҰ пандемия кезінде босқындарға көмектесетін қор құру үшін 1,5 млрд доллар жинауға шақырды. Бір жағынан бұл теңіз тамшысындай болғанымен, қазір экономикасы тұралап тұрған елдер үшін едәуір салмақ. Сонымен қатар мемлекеттер өз азаматтарын құтқаруға қаржы салып жатқанын да ескерсек, БҰҰ-ның бұл мәлімдемесі ескерусіз қалуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT