Коронавирус: Моңғолияда оқушыларға сабақ телеарналар арқылы оқытылады

None
None
ҰЛАНБАТЫР. Қазақпарат - Моңғолияда оқушыларға телеарналар арқылы сабақ оқытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай Халық Республикасының Ухан қаласында туындаған короновирустың қарқынды таралуына байланысты көршілес Моңғолияда білім беру мекемелерінің жұмысыс тоқтатылып, сақтық шаралары күшейтілді.

Қазіргі таңда осы елде барлық мектеп, балабақша, кәсіптік білім беру мекемелері мен жоғарғы оқу орындары 2 наурызға дейін жабылып, бұқаралық шаралардың ұйымдастырылуына тыйым салынып отыр.

Осы уақыт аралығында оқушыларға елдегі ірі 18 телеарна арқылы 1-12 сыныптың сабағын оқу бағдарламасына сәйкес үйретілетіндігін сол елдің Білім және ғылым, спорт министрі Ё.Баатарбилэг мәлімдеді.

«Барлығы 402 рет жүрілетін телесабақтың жалпы ауқымы 6 357 минутты, 40 пәнді қамтиды. Ол үшін ең үздік деген 170 мұғалім дайындалып жатыр. Күніне 2-4 пән әрқайсысы 10-20 минуттан үйретілетін болады», деді министр елдегі БАҚ өкілдеріне арнап жасаған мәлімдемесінде.

Телесабақ ақпан айының 3-інен бастап ел көлемінде телеарналар арқылы таратыла бастайды.

Авторы Нұрболат Өнерханұлы


Соңғы жаңалықтар