Коронавирус: Маңғыстауда 350 медицина қызметкері екпе алды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында ерікті түрде «Спутник V» вакцинасын алған медицина қызметкерлері екпенің 2 компонентін ала бастады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінге дейін барлығы 350 медицина қызметкері екпе алған. Вакцинаның бірінші компонентін алғандар 24 ақпан күні дәрігердің рұқсатынан кейін 2 рет вакцина салдырады.

«Ресейлік «Спутник V» вакцинасы екі компонентті: бірінші компонентті алғаннан кейін екіншісі 21 күннен кейін егіледі. Енді міне екінші компоненттің мерзімі басталды. Бұл кезең 1 наурызға дейін жалғасады», - деді Ғазиз Надуев.


Соңғы жаңалықтар