Коронавирус: Маңғыстау облысына 8000 доза вакцина жеткізілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысына вакциналау басталғаннан бері 8000 дана екпе жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті.

Оның айтуынша, өңірде 16 егу пунктінде 7 кабинет жұмыс істеп тұр.

«Спутник-V» вакцинасының бірінші компонентінің 4500 дозасы және «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентінің 3500 дозасы -18 градуста барлық сақтық режимін сақтай отырып, облысқа жеткізілді», - деді Ғазиз Надуев.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында вакцинацияланған адамдардың саны - 2155.

«Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы 1 компонентпен 1625 адам, 2 компонентпен 530 адам вакцинацияланды. Айта кету керек, Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған», - деді Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев.

Ғазиз Надуевтің айтуынша, иммундаудан кейінгі асқынулар мен реакциялар тіркелген жоқ.

2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап отандық «QazCovid-In» препаратымен вакцинациялау жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар