+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Коронавирус: Латвияда локдаун енгізіледі

2021 жылғы 23 қазан 03:30
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Латвияда локдаун енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Латвияда локдаунды енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Twitter-дің негізін қалаған Джек Дорси компаниядан кетті Ресейде жасөспірімдерге арналған коронавирус вакцинасы тіркелді Румен Радев Болгарияның президенті болып қайта сайланды

Латвия Сеймі Министрлер Кабинетінің локдаунды енгізу туралы шешімін бекітті. 21 қазаннан 15 қарашаға дейін тек бірінші кезектегі тауарлар сатылатын дүкендер жұмыс істейді. Локдаун кезінде коменданттық сағат 20:00-ден 05:00-ге дейін жалғасады. Елдің Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Латвия қазір сырқаттанушылық деңгейі бойынша да, вакцинацияның төмен қарқыны бойынша да Еуропада көш бастап тұр.
Украинада екінші күн қатарынан күніне 23 785 коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары, сондай-ақ өлім-жітім саны бойынша 614-ке жетіп, анти-аккорды тіркелді. Сонымен қатар, өткен 24 сағат ішінде Украинада 269 666 адам вакцинацияланды. Бұл да күнделікті көрсеткішке қарағанды рекордтық көрсеткіш.

Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай Латвияда карантин талабын бұзғандар 5 мың еуро төлейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT