Коронавирус: Қытайда оқу жылы кеш басталуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай билігі коронавирусқа байланысты оқу жылының басталуын кейінге қалдыруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, мектеп басшылары мен жергілікті басқару органдарына жағдайдың өрбуіне байланысты барлық мүмкін сценарийлерге мұқият дайындалуға нұсқау берілген.

Америка әкімшілігі сырттан келген барлық шетелдіктерден толық вакцинациялануын талап ететін іс-шаралар кешенін әзірлеп жатыр. Бұл туралы сәрсенбіде Ақ үйдің өкілі Reuters агенттігіне хабарлады.

Бірқатар елдерде коронавируспен ауыратындардың саны бойынша антирекордтар анықталды: Малайзияда 20 596 жағдай, Жапонияда 14 211 жағдай, Өзбекстанда 951 жағдай анықталды. Сонымен қатар, Токиода 5 042 жағдай тіркелді.


Соңғы жаңалықтар