Коронавирус: Қытайда ғимараттардың сырты үш түрлі түспен белгілене бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бразилияда жерлеу рәсімдерінің қызметкерлері коронавирустан қайтыс болушылардың көптігінен тәулік бойы жұмыс істеуге көшірілді. Бейжіңде ғимараттардың сырты үш түрлі түспен белгілене бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы аптада Франция Еуропадағы індет күрт тараған елге айналды – пандемия басталғалы бері коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны бес миллионға жуықтады. Сонымен қатар, жергілікті медициналық орталықтар алдын ала жазылғанына қарамастан, көптеген азаматтың екпе алуға келмей қалғанына кейістік білдірді.

Ал Венесуэланың солтүстігіндегі Сукре штатының билігі COVID-19 жұқтырған және коронавирусқа күдігі бар адамдарға үйлерінің сыртына арнайы қызыл белгі қоюға мәжбүр етуде. Аталған штаттың мэрі бұйрықты орындамағандарға ең төменгі жалақы мөлшерінен бірнеше есе көп айыппұл салынатынын жеткізді, ал карантин шараларын бұзушылар тегін азық-түлік жиынтықтары мен газдан құр қалатын көрінеді.

Бейжіңде түрлі-түсті жапсырмалар қолданыла бастады. Бұдан былай дүкендер, мейрамханалар және басқа да мекемелердің ғимараттары қызметкерлердің кем дегенде 80% коронавирусқа қарсы егілсе - «жасыл», 40 - 80% аралығында - «көк» және 40% аз болса «қызыл» жапсырмамен белгіленетін болады.

Бразилияда пандемия басталғалы 213 миллион халықтың 13 миллион 200 мыңға жуығы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Жерлеу рәсімін ұйымдастырушылар қайтыс болған адамдар санының көптігінен тәулік бойы жұмыс істеуге ауыстырылған. SARS CoV2 айналымын бәсеңдету үшін ел үкіметі қатаң шектеу шараларын енгізуде.


Соңғы жаңалықтар