Коронавирус: Қытайда бір тәулікте науқастар саны 1,7 мың адамға артып, 26 адам қаза болды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда өткен тәулікте жаңа коронавирус жұқтырғандар саны 1771 адамға өсті.

Елде 4515 диагноз расталса, 6,9 мың адам ауруға шалдығуы мүмкін деген күдікке ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Бір тәуліктің ішінде Қытайдың 30 провинциясында, автономды аудандарында және қалаларында ауру жұқтықтарғандар саны 1771 адамға өсті. 515 науқас ауыр халде жатса, 26 адам көз жұмды (Хубэй провинциясында – 24, Бейжіңде – 1, Хайнаньда – 1). 9 науқас ауруханадан шығарылды, 2077 адам жаңа коронавирус жұқтырды деген күдікке ілікті.

Соңғы деректерге сәйкес, Қытайда коронавирусқа шалдыққандар саны 4515 адамды құрады. Одан 106 адам қаза тапты.

Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар