Коронавирус: Қостанай облысының 8 мыңнан астам тұрғынына вакцина салынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында иммундау басталғалы 8 мыңнан астам жергілікті тұрғынға вакцина егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Иммундау кезеңі басталғаннан беру жергілікті 8693 адамға вакцина егілді, соның ішінде бір компонент – 6854 адам, 2 компонент– 1839 адамға егілген.

Вакцина егілген соң қолайсыз жайғдайлар тіркелген жоқ», - деп хабарлайды аймақтық Коммуникациялар қызметінен.

Бүгінде облысқа вакцинаның 12900 дозасы келіп жетті, соның ішінде 1 компонентті дозадан – 7200, 2 компонентті дозадан – 5700 вакцина бар.

Тұрғындардың барлық санаттарын иммундау үшін «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы қолданылып отыр.

Атап өтейік, 30-31 наурыз күндері Қостанай облысында COVID-19 вирусын жұқтыру оқиғаларының саны бір деңгейде (37оқиға) тұр.

Тәулік ішінде ауруға шалдығу өсімінің қарқыны 0,27 пайызды құраған.

Облыста былтырғы 3 сәуірден бастап биылғы 31 наурызға дейін COVID-19 вирусына шалдығудың 13821 оқиғасы тіркелген.

Жазылып шыққан науқастар саны – 12293 адам.


Соңғы жаңалықтар